Алматыда 7 жасар бала мен анасын пойыздан түсіріп кеткен

Almaty.tv
Almaty.tv
Республика бойынша 5 мыңға жуық касса билет сатумен айналысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқиға 28 тамыз күні қаладағы №1 теміржол вокзалында орын алған. Азаматша отбасымен Алматы станциясынан Қызылорда-Семей бағытындағы пойызға отырмақшы болған. Дегенмен, діттеген жеріне билеттегі кеткен бірнеше қатенің кесірінен жете алмадым деп ашынды келіншек. Жолсерік төлқұжат пен туу куәлігіндегі нөмірлер жол жүру билетімен мүлде сәйкес келмегендіктен пойызға отырғызбай қойған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
 «Кәмелет жасқа толмаған, небары 7 жасар баланы туу туралы куәлігіндегі сандар сәйкес келмегені үшін ғана түсіріп тастауға бола ма? Заң не үшін?  Балалар құқығы қорғалмайтын болса... Болмашы сандардың кесірінен мен неге зардап шегуім керек? Ертең 1 қыркүйек, балам мектепке баруы керек. Билеттер  45 күн бұрын сатып алынған», – деді баланың анасы.

Өз кезегінде, «Жолаушылар тасымалы» мекемесі жолсеріктің ісін сынға алмады. Қайта ол мәселені заң шеңберінде шешіп, қателіктер болғандықтан сапарға шығармады дегенді алға тартты. Шағым айтқан келіншек жол жүру билетін жеке кассадан сатып алғандықтан, оларды тексеруге құзырымыз жоқ деп отыр. Жалпы республика бойынша осындай 5 мыңға жуық касса билет сатумен айналысады. Сондықтан, дүйім елге билет алғанда нөмірлерді мұқият тексеру керектігін ескертеді.

«Билет пен төлқұжат бойынша ересек жолаушы мен баланың аты-жөні сәйкес келмейді. Және анықтап қарағанда, туу туралы куәлігінің нөмірлері сәйкес келмейді. 7 нөмірі де дұрыс жазылмаған. Сол себепті ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрінің №545 бұйрығына сәйкес біздің жолсерік оларды жолдан шеттетті. Яғни, пойызға отырғызудан бас тартты. Өйткені, жол құжаттары дұрыс емес. Біріншіден, мүмкін ол бала еріксіз бара жатқан шығар бұл сапарға», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Диас АХМЕТШӘРІП.


Новости партнеров