Өртті сөндіру барысында 30 адам эвакуацияланған
Бүгін таңертен Алматыда бес қабатты тұрғын үйдің төбесі жанып кетті. Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, тілсіз жау қауіпсіздік ережелерінің өрескел бұзылуынан туындаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Яғни, битумды қыздыру үшін ашық от қолданылыпты. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған.
Бұл әрекеттері үшін мердігер ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Өртті сөндіру барысында 30 адам эвакуацияланған. Оның ішінде 4 бала бар. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.