Ұсталған азамат қамауға алынды
Түркістан облысында инкассаторларды әріптесі өлтірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы 7 маусымда кешкі сағат 18:16-да Арыс ПБ-нің кезекші бөліміне пошта бөлімшесінен екі инкассатор Задарья кенті бағыты бойынша қызметтік автокөлікпен шығып, Монтайтас ауылына соққаны туралы хабарлама түскен. Поштамен байланысқа шығып, Қожатоғай кентіне баратындарын айтқан, содан із-түзсіз жоғалып кетіп, 12:00-ден кейін байланысқа шықпаған. Автокөлікте ауылдықтардың зейнетақылары мен жәрдемақыларын төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден аса қаражат болыпты.
«Біз инкассаторлардың орналасқан жерін анықтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдадық. Полиция департаменті мен Арыс аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, жоғалған инкассаторларды іздеуге кірісті. Олар ауданнан кіру және шығу жолдарын, көше қиылыстарында орнатылған бейнебақылау камераларын тексеріп, куәгерлерді тергеу және басқа да жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде, сол күні сағат 20.00-ден кейін жедел уәкілдер Арыс қаласынан 3 шақырым жерде иесіз автокөлікті аңғарып, жедел тексеру барысында криминалистер оның салонынан қан іздерін тапты. Біз инкассаторларды өлтіргенін сездік, расында, келесі күні таңертең сағат 6.00-де аудан орталығынан 35 шақырым жерде басына оқ тиген екеуінің денесін таптық», - делінген хабарламада.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықталып, тұрғылықты жері бойынша көп ұзамай өзі де ұсталған. Ол 1981 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған күдіктіден аңшы мылтығы мен ұрланған ақша тәркіленді. Ол кінәсін толық мойындады. Азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыс жасады деп айыпталып, қамауға алынды. Оқиға болған жердің барлық мәліметтері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады», - дейді Түркістан облысы ПД басшысы полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков брифингте.