БҚО-да 11-сынып оқушысы асылып қалды

05.12.2019 22:59

Ол хат қалдырған

inform.kz

Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы асылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 2 желтоқсан күні Жаңақала ауданы Айдархан ауылында орын алды.

Айдархан жалпы орта білім беретін мектептің 11-сыныбында оқитын жасөспірім өз үйінің ауласында өзіне-өзі қол жұмсап, дүниеден озды.

«Оқушы толық отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 

Тұрғындардың айтуынша, марқұм соңына ешкімді кінәламау керектігін айтып, хат қалдырған.