Автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
21 маусымда сағат 8:15 шамасында Ақтөбе облысының Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктер отырған көлік аударылып кетті.
Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі – Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай қалғандықтан, автокөлік аударылып кеткен. Соның салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала оқиға орнында қайтыс болды және 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.
Алдын ала болжам бойынша автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.