|
16.05.2020 | 15:30
5663

Алматы облысында заңсыз балық аулаған күдікті ұсталды

Қапшағай қаласының тұрғынының табиғат қорғау полицейлері қолға түсірді

Алматы облысында заңсыз балық аулаған күдікті ұсталды Polisia.kz

Қапшағай қаласының тұрғынының 85 килограмнан астам сазанды тыйым салынған әдіспен ауғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңсыз балық аулаған күдіктіні табиғат қорғау полицейлері ұстады.

Тәртіп сақшылары балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы облысы аумағында арнайы шараларды тұрақты жүргізеді.

«Арнайы шаралар барысында құқық бұзуға бейім тұлғалардың табиғат қорғау заңнамасының талаптарын өрескел бұзу деректері әшкереленеді және қолданыстағы заңға сәйкес қатаң жазаланады. Іле өзенінің арнасын кезекті рет бақылау кезінде Қапшагай – Қазақстан автожолының 19-шақырымында Қапшағай қаласының 1991 жылы туған тұрғыны ұсталды. Полицейлер оның автокөлігінен жалпы салмағы 85,5 кг болатын сазан балығын тауып, заңсыз ауланған тауарды тәркіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күдіктінің көлігінен резеңке қайық пен еліміздің заңнамасында қолданылуы қатаң тыйым салынған балық аулауға пайдаланылған электр тоғының құралдары табылды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мемлекетке 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілгені анықталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир