Жезқазғанда жүк көлігі көпірден аударылып кетті
© Sputnik / Стрингер
Жол апаты кезінде көпірдің шеті опырылып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жезқазған қаласында КамАЗ көпірдің қоршауын бұзып, аударылып кетті. Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 20 шілде күні болған. Күндіз сағат 14.05 шамасында КамАЗ жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көпірден құлап кеткен.
Жол апаты кезінде көпірдің шеті опырылып қалды.
"Көлік жүргізушісі жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23