|
21.07.2022 | 15:16
1742

Іле-Алатау ұлттық паркіне 300 мыңнан астам турист келді

Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар

Іле-Алатау ұлттық паркіне 300 мыңнан астам турист келді ult.kz

Іле-Алатау ұлттық паркінде заңсыз аң аулайтындар азаймай тұр, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Мемлекет қорғауындағы аумақта жыл басынан бері 3 қылмыстық іс қозғалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп дейді мамандар.

«Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде 350-ден астам инспектор жұмыс істейді. Олардың негізгі атқаратын міндеті – табиғатты қорғап, жануарларды броконьерлерден қорғау. Соңғы 2 жылда 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде заңсыз шөп шабу, мал жаю, дәрілік өсімдіктерді жинау секілді заң бұзушылықтар бар. Олар 370-бап бойынша жазаға тартылады. Өткен жылы елік және жабайы шошқаны ату бойынша іс тіркелді. Қазір жарты жылдықтың өзінде 3 қылмыстық іс тіркелді. Оның екеуі елікті және жабайы шошқаны тұзақ арқылы ұстағандар ұсталды», – деді Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог- ағартушысы Самал Әбілова.          

Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар. Биыл оны көруге 344 мыңнан астам турист келіпті.

«Ұлттық парк аумағында туризмді дамыту мақсатында туристік соқпақтарды қосымша абаттандыру жұмыстары жоспарланып жатыр. Ұлттық парктің аумағында 43 туристік соқпақ бар. Ол соқпақтардың негізгісі Медеу филиалы – Алматы орман шаруашылығында орналасқан соқпақтар. Аюлы шатқалында орналасқан – Мыңкөз соқпағы. Осы жерлерге туристер көп келіп, қызығушылық танытады. Туристердің де әртүрлісі болады. Отырған жерін жинамай, қоқысты шашып, кез келген жерге тастайды. Енді біздің инспектор қызметкерлердің де атқаратын жұмысы – қоршаған ортаны қорғау және қоқыстан тазарту.  Жауапсыз демалушылардың артын тазалау. 2021 жылды қоса есептегенде 344 тоннаға жуық қоқыс жиналды», – деді Іле- Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог- ағартушысы Самал Әбілова.    

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир