Теңіз кен орнында тамақтан уланған 11 адам ауруханада жатыр

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жұмысшылар тамақтан уланған асханаға тексеру жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында тамақтан уланған 11 адам ауруханада жатыр. Жұмысшылар тамақтан уланған асханаға тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Теңіз кен орнында тамақтан уланған 30-дан астам жұмысшы медициналық көмекке жүгінген. 

«Жұмысшылардың барлығы «КазПромСтрой Инжиниринг» ЖШС-ға тиесілі асханада түскі ас ішкен. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін жұмысшылардың көпшілігі амбулаториялық емделуге жіберілді. Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы орталық ауруханағ он бір адам жеткізілді. Науқастарда құсу, диарея, безгек, бас ауруы, жалпы әлсіздік байқалған. Алдын ала диагноз – тағамдық токсикоинфекциясы», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Тамақтан уланып, ауруханаға түскен науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Атырау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары жұмысшылар тамақтан уланған асханадан сынама алып, Ұлттық сараптама орталығына жіберді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері үш күн ішінде алынады. Департамент мамандары жұмысшылар ттүскі ас ішкен асхананың жұмысына жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отыр. 

Бұдан бұрын Теңіз кен орнында 30-дан астам жұмысшы тамақтан уланып қалған еді. Кен орнындағы инвестициялық жобаны іске асыруға тартылған отандық мердігер – ISKER ЖШС-нің 30-дан астам жұмысшысы тамақтан уланып қалған. Олар вахталық кенттегі асханадан түскі ас ішкен. Тамақ ішкеннен кейін өздерін жайсыз сезінген жұмысшылар дәрігерлік көмекке жүгінген. кен орнындағы медициналық клиникада тамақтан уланған жұмысшыларға алғашқы көмек көрсетілген. Содан соң олардың бір тобы ауруханаға жатқызылған. Жеңіл дәрежеде зардап шеккен жұмысшылардың кейбірі жатақханаға жіберілген.


Новости партнеров