Екі қыз диплом сатып алу үшін 2017 жылы 800 мың теңге берген
«800 мың теңге». Өскемендік екі қыз университет дипломын алып беремін деген адамның алдап кеткені жайында полицияға шағым түсірді, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«Екі қыз диплом сатып алу үшін 2017 жылы 800 мың теңге берген. Алайда арада екі жыл өткен, ақша алған адам хабарсыз кеткен. Қазір күдікті тергеуге алынды. Ол өз ісін мойындады. Үстінен қылмыстық кодекстің 190-бабы («алаяқтық») бойынша іс қозғалды», – деп жазылған полиция басқармасының ақпаратында.