56 жастағы Ақтөбелік азаматша карантин кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Ақтөбедегі қоғамдық көлік тасымалдау компаниясында істейтін бір қызметкерді анықтады, ол ватсап мессенджерінде жалған ақпарат таратқан.
«Аудио жазбада әйел Ресей Федерациясының шекарасынан Ақтөбеге қоғамдық көлік автобустарымен 500 адамды әкелгені туралы, ал бүгін жаңа топ студенттер күтілуде және КВИ-мен ауыратындардың саны статистика бойынша әлдеқайда көп және ауруханалар толып отыр деген ақпарат таратқан. Алайда, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», - делінген облыстық Полиция департаменті хабарламасында.
24 сәуір күні әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 478-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 40 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салды.