Қызылорда облысы ТЖД күштері мен құралдары 26 наурыздан бастап Қостанай облысында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қосалқы күш ретінде тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Қызылорда облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Қостанай қаласына құрамында 31 адам, 6 бірлік техника, 10 мотопомпа, 2 қайық бар облыстың құтқару жасағы жіберілді.
- Қызылорда облысы ТЖД күштері мен құралдарымен Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Абай, Палуан және Боданов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында 7482 м3 су бұрылды, су деңгейі 10-15 см-ге төмендеді. Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шыңтас фазендасынан қайықты пайдаланып 5 адам құтқарылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру сорғы станциясын, мотопомпаны пайдалана отырып, 10 мың текше метр су сорылды, - делінген Қызылорда облысы ТЖД хабарламасында.
Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы Қостанай облысындағы әріптестерімен бірлесіп 2 үрлемелі қайықты пайдалана отырып, 5 адамды қауіпсіз жерге шығарды.
Құтқару жұмыстары кезінде бірқатар қостанайлықтар Қызылорда құтқарушыларына алғыстарын білдірді. Жұмыс жалғасуда.
28 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда құтқарушыларымен су сору мотопомпасымен
22 398 метр куб су тартылды, 25 адам құтқарылды. Оның ішінде 2 бала.
110 бас асыл тұқымды бұзау “Дәулет” шаруқожалығынан қауіпсіз жерге шығарылды үрлемелі қайықпен
Аудан орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан Даулет шаруа қожалығының асыл тұқымды110 бас бұзауын Маторлы қайықпен қауіпсіз жерге шығару жұмыстары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында бөгет жарылып, адамдар шұғыл эвакуациялануда