Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады
Екібастұзда 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер 20 адамды эвакуациялады, олардың 4 – балалар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылы 19 ақпанда сағат 9:59-да Павлодар облысы ТЖД-ның "101" басқару орталығына Екібастұз қаласының Қонаев көшесіндегі үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шыққанын анықтады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында 20 адам эвакуацияланды, оның 4 – бала. Сондай-ақ өрттің ары қарай өршуіне жол берілмеді.
Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 10:21-де ауыздықталып, 10:34-те толығымен жойылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде.