Семейде 3 жасар бала 8-қабаттан құлап кетті

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Баланың жағдайы ауыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Семей қаласында 3 жасар бала сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 шілде күні сағат 13.00 шамасында Сорокин көшесінде болған. 3 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында орналасқан пәтердегі ашық терезеден құлап кетті. Сол бөлмеде болған анасы кіші баласын тамақтандырып жатқан. Оның айтуынша, ұлы терезе үстінде ойнап тұрған. Қазір сәби ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. 

«Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезе ашық үйде қараусыз қалу, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, үстелдің, орындық пен диванның терезеге жақын тұруы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Новости партнеров