Атырауда тұрғын үй өртеніп, 3 адам зардап шекті

10.11.2021 19:53

Денесінің 90 пайызын күйік шалған 19 жастағы екі жігіт жансақтау бөлімінде жатыр

Атырауда жеке тұрғын үйде жылыту қазандығы жарылып, 120 шаршы метр болатын тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.      

Апатты жағдай  Балауса шағынауданындағы 24-ші көшеде орналасқан үйде болған. Өрттен 3 адам зардап шегіп, облыстық ауруханаға жатқызылды. Оның екеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

2002 жылғы екі ер адам 90 пайызға жуық дене күйік жарақатын алған. Тілсіз жаудың нақты неден тұтанғаны анықталып жатыр.  

«Мұндай жағдайлар өкінішке қарай, жылда болып отырады. Оның түрлі себебі бар. Көбіне газдан және қала тұрғындарының қарапайым өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан болып отырады. Жылына болжаммен 7-8 оқиға болып отырады», – деді қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев.