Бала баспалдақтан құлады: жедел жәрдем көлігі неге кешікті

Almaty.tv
Almaty.tv
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жағдайды түсіндірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысынан кейін Ажар Ғиният мектептің баспалдағынан құлаған балаға жедел жәрдем қызметінің неге ұзақ келмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің сөзіне сенсек, қоңырауды қабылдаған диспетчер шақыртудың санатын аса ауыр жарақат деп қабылдамаған. Сәйкесінше, жәбірленуші дәрігерлерді жарты сағат күткен.

– Мектептен қоңырау шалып, баланың денесі жараланғаны, есін жоғалтпағаны хабарланған. Сондықтан жедел жәрдем көлігі шақыртудың 3-жеделдік санаты бойынша жетті. Тексеру кезінде оған бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды. Жедел жәрдем шақырылған кезде хабарланған ақпаратқа байланысты жедел жәрдемнің шығуы мен келуінің нақты мерзімі бар. Тәулігіне 10 мың қоңырауға қызмет көрсетіледі. Арнайы дайындалған адамдар отырады және кімге 20 минут ішінде баруға болатынын, кімге 3 минутта жету керек екенін бағалайды. Диспетчер келіп түскен шағымды бағалайды. Ол кезде бала есін жоғалтпаған, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Оқи отырыңыз: Бала баспалдақтан құлады: мектеп директоры қызметінен босатылды

Новости партнеров