|
31.01.2019 | 14:53
2837

ҰҚК Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады

Арнайы операция жүргізу барысында 97 келі марихуана тәркіленді

ҰҚК Алматыда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады Фото с сайта knb.gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті көпкезеңді арнайы операция жүргізу барысында 97 келі марихуаны тәркілеп, өңірлік есірткі тобының қылмыстық іс-әрекетін құрықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.


«Аталған факті бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінде ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған тұлғалар қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген ҰҚК ақпаратында.

Ведомстводан мәлім еткендей, 2018 жылы ҰҚК Алматы қаласы аумағында  есірткінің  заңсыз айналымына қатысты 14 фактіні, халықаралық деңгейдегі заңсыз айналым бойынша 5 фактіні анықтады.

«Нәтижесінде, 36 қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз айналымнан 84 кг есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар, оның ішінде 74 кг героин және 8 кг синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен заңсыз тасымалдау, сондай-ақ ұлтаралық қылмыстық топтарға қатысу фактілері бойынша 12 адам ұсталды. Оның ішінде екі шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Атап өтілгендей, есірткі заттары Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен Еуроодақ, Ресей, АҚШ, Мексика және Қытай елдерінен халықаралық пошта жөнелтілімдері және логистикалық компаниялар арқылы келеді.

«Өткен жылы шетелдік серіктестіктермен бірге 3 халықаралық операция өткізілді. Заңсыз айналымнан 1056 МДМА таблеткасы және 0,2 кг синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Жүйкеге әсер ететін есірткі затын жасырын зертханаларда дайындайтын және оларды интернет-ресурстар арқылы таратумен айналысатын қылмыстық топтың іс-әрекетіне тосқауыл қойылды. Заңсыз айналымнан 5 гк астам синтетикалық есірткі заты және 500 кг химиялық қоспа тәркіленді», - деді ҚР ҰҚК-дан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир