Ыстықкөлде жоғалған қазақстандықтың денесі табылды

02.08.2021 в 19:53

Іздестіру жұмыстарына жүзден астам қызметкер жұмылдырылған

Ыстықкөлде жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандық Варвара Конопасевичтің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарынша, құтқарушылар мәйітті судан шығарып алған. 

Еске салсақ, отандасымыз 15 шілдеде отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына барады. Ата-анасы отын алып келуге кеткенде қыз жалғыз қалған көрінеді. Содан оны көрген ешкім болмапты. Қыздың денесі Қаракөл шатқалынан табылған. Іздестіру жұмыстарына жүзден астам қызметкер жұмылдырылған.