Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шықты
Әкімдік ақпарынша, орталықтың қазандыққа көмір беру бөлігінде 280 шаршы метр аумақ жанып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Риддердегі жылу электр орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімдік ақпарынша, орталықтың қазандыққа көмір беру бөлігінде 280 шаршы метр аумақ жанып кеткен. Қызыл жалынды сөндіруге облыс орталығынан 10 өрт сөндіру техникасы мен мамандар жұмылдырылған. Нәтижесінде, негізгі өрт ошағы сөндірілді. Ал оқиғаға байланысты шұғыл штаб құрылған. Оған облыс әкімі жетекшілік етеді. Даниал Ахметов тұрғындардың тағы да жылусыз қалмауы үшін тиісті жұмыс атқарылатынын жеткізді.
«Жылыту электр орталығының көмір беру галлереясы өртенгендіктен, қазандықтар мазутпен жылытуға көшірілді. Қазір жалпы қорда 320 тонна мазут бар. Оған қоса, тағы 920 тонна жеткізілек. Бұл сұйық отын 5 күнге жетеді», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36