Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы шахтада жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясының Шемонаиха ауданындағы Артемьев шахтасында болған. Бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істейтін ер адам өлі күйінде табылды.
Тест: Қазақ тіліндегі диалект сөздерді білесіз бе
«Оның нақты неден қаза болғаны әзірге белгісіз. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, құрамына компания мамандары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Өлімге не себеп болғанын сол комиссия анықтайды», - деді KAZ Minerals тобы корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.
Компания оның отбасына қажетті көмек көрсетеді.