Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асырылады
2024 жылғы 4 маусымда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі Құлжа тасжолының қайта жөндеу жұмыстары басталды, онда жолды 4 жолақтан 6 жолаққа дейін кеңейту жоспарлануда, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолды екі есе кеңейтуге мүмкіндік береді. Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың 7 маусымына қараған түні басталды.
- Қала әкімдігінің жобасында жалпы ұзындығы 2,3 шақырым болатын жолды қайта жаңарту қарастырылған. Бөлу жолағын алып тастау және жол бөлігін кеңейту арқылы әр бағытта 3 қозғалыс жолағы орнатылады. Бұл шара аймақтың өткізу қабілетін қазіргі тәулігіне 40 мың көліктен 80 мыңға дейін арттырады. Сонымен қатар, жол жиектеріне тосқауыл қоршауларын, жарықтандыру тіректерін орнату қарастырылған. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін екі жағынан ені 2 метрден 3 метрге дейін жететін жаяу жүргіншілер жолы жабдықталады, - деді, Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.
Жолды қалпына келтіру жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде жолдың шығыс жағында, екіншісі - орталық бөлігінде және үшінші - батыс жағындағы жұмыстарды қамтиды.
Сондай-ақ әр кезеңде бөлу жолағы есебінен екі бағытта да екі жолақ бойынша қозғалыс қамтамасыз етіледі.
- Әр учаске бойынша жұмыстың ұзақтығы шамамен бір айға созылады. 2024 жылдың 25 тамызына дейін жолдың барлық ені бойынша жол қозғалысын таңбалау арқылы ашу және жол белгілерін орнату жоспарлануда. Осыған орай, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, бағыттарын алдын ала ретке келтіруге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз, - деді, подполковник Құлбаев.
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз: Алматыда Жүргенов көшесіндегі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі