Қарағанды қаласы өртеніп жатыр

04.07.2022 в 19:54

Қызыл от 3 гектар аумақты жалмаған

Қарағанды қаласында қатты желдің салдарынан тұтанған өртті сөндіру мүмкін болмай жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық ТЖД ақпарынша, бұл маңда екі күн бұрын өрт тіркелген. Қызыл от 3 гектар аумақты жалмаған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі темекі немесе сіріңкеден болуы мүмкін. Тілсіз жауды сөндіруге 66 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылыпты.

«Өртті сөндіру екпінді жел салдарынан күрделене түсті. Себебі ол бағытын өзгертіп жатыр. Осевая көшесіндегі нысандарға өрт таралу қаупі төніп тұр. Жақын маңдағы саяжайларға да жайылды деген ақпарат бар. Зардап шеккендер жоқ. Жұмыс жалғасып жатыр», – деді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.