Ақмола облысында теміржол вокзалынан өрт шықты

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құтқарушылар Макинск қаласының теміржол буфетінде болған өрттің алдын ала себебі ретінде пешке төгілген майды айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 01:33-те өрт сөндірушілерге Макинск қаласында теміржол вокзалы ғимаратының жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. 

«Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер ТЖ орнына келді. Барлау жүргізу кезінде «Макинка» станциясының теміржол вокзалының асханасы өртеніп, жалын шатырға қарай тарап бара жатқаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады. Бір сағат ішінде өрт оқшауланды және тағы бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді»,– деп атап өтті ведомство. 

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында теміржол вокзалының ғимараты құтқарылды. Құтқарушылардың айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, теміржол қатынасы да бұзылған жоқ. 

«Өрттің алдын ала себебі – пешке төгілген май. Буфет қызметкерлері тамақ дайындап жатқанда абайсызда өрт шыққан. Алайда, бұл – тек алдын ала болжам ғана. Өрт орнына өртке қарсы зертханасы барды, ол кейінірек өрттің нақты себебін анықтайды»,– деп толықтырды департамент.

Новости партнеров