|
26.02.2021 | 14:58
2915

Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонды

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы облысында Ан-2 ұшағы шұғыл қонды Агентство экономической информации

Боралдай-Кеген бағытында ұшқан «Азия Континенталь» авиакомпаниясының Ан-2 әуе кемесі шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ұшақ Боралдай тасжолынан шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде қонды.

«Бортта бес адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», –  деді Азаматтық авиация комитетнің өкілдері.

Қазақстан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізеді.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. 8 ақпанда Ан-2 ұшағы Өскеменнен Зайсанға ұшты. Ұшу кезінде ұшқыш қозғалтқыш қуатын жоғалтқаны туралы хабарлады. Ұшақ Өскеменнен оңтүстікке қарай 23 шақырым жердегі тасжолда қонуға мәжбүр болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир