|
13.07.2020 | 14:59
3151

Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды

Қайғылы оқиға Топар су қоймасында болды

Қарағандыда дауыл салдарынан 19 жастағы қыз мерт болды Иллюстративное фото

Қарағанды қаласында дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Топар су қоймасында болды. Оның денесін бірнеше сағаттан кейін Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тапты.

«Үрлемелі матрацпен жүзіп жүрген 2001 жылы туған қызды қатты жел екпіні жағадан алыс алып кеткен. Кейінірек оның денесін құтқарушылар судан алып шықты», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 12 шілде күні Қарағанды қаласында құйынды жел тұрып, салдарынан ондаған ғимараттың шатыры бүлінді, 50-ге жуық ағаш құлады, елдімекендер, соның ішінде ауруханаларда жарық сөнді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир