Ақтөбеде доп қуып жүрген 7 жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды

Ақтөбеде доп қуып жүрген 7 жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде 7 жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 3 маусым күні Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында тіркелді.

«Газ-53» (ассенизатор) көлігінің жүргізушісі аулада достарымен ойнап жүріп, доп қуып жолға жүгіріп шыққан 2012 жылғы баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала қаза тапты. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті ата-аналарға жазғы уақытта жолдарда және су айдындарында бақылауды күшейту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажеттігін ескертеді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағындағы жолдарда 84 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 93 бала дене жарақатын алған және 3 бала қаза тапқан. Соған орай бүгін полиция қызметкерлері қан тапсырды.

Полиция қызметкерлері осы акция арқылы жүргізушілер мен ата-аналарды балалар қауіпсіздігі үшін сақ болуға шақырды.

Новости партнеров