|
04.06.2019 | 19:30
2685

Әлемнің үздік теннисшілері Алматыда жиналды

Жарыстың жүлде қоры 54 мың АҚШ долларын құрайды

Әлемнің үздік теннисшілері Алматыда жиналды

Теннистен дәстүрлі Challenger-2019 байгесіне қатысу үшін Алматыға әлемнің 25 елінен жүзге жуық спортшы келген. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігіне кіретін теннисшілер де бар. Жарыстың жүлде қоры 54 мың АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Ақшалай сыйлықтан бөлек, бұл жарысқа қатысушылар ATP рейтингтік ұпайларын жинап, деңгейлерін көтеруге мүмкіндік алады. Бұл алдағы уақытта спортшылардың әлемдік рейтингте беделі мен бәсі жоғары турнирлерге қатысуларына мүмкіндік береді.


«Алматыда 3 мыңнан астам спортшы үлкен тенниспен айналысады. Қалада 90-нан астам жаттығатын орын бар. Былтыр біз халықаралық стандартқа сай келетін үлкен теннис орталығын аштық. Биыл Алатау ауданында тағы бір теннис орталығының құрылысын бастаймыз», – деді Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы  Рүстем БАЙСЕИІТОВ.  


ATP CHALLENGER турнирі кәсіпқой теннисшілердің арасында беделі жоғары жарыстардың бірі саналады. «Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының» құрамына әлемнің 40 шақты елінен 150-дей  CHALLENGER мүше. Өткен жылы жүлделі орындарды жұптық разрядта Германия мен Латвия, Украинаның ракеткалары иеленген еді. Ал биыл жарыс жеңімпаздары 9 маусым күні анықталып, марапатталмақ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир