БҚО-да дәрі-дәрмек тиелген көлік өртеніп кетті

Фото: Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті
Фото: Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті
Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Орал Атырау тасжолында «ГАЗель» көлігі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, көлік Ақжайық ауданы аумағында Самал елдімекенінің жанында өртенген.

«Өрт түнгі 01.15-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен кінәлілер анықталып жатыр. Өртті сөндіруге бір техника мен бес өрт сөндіруші жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Көлік жеке кәсіпкерге тиесілі. Оның ішінде медициналық препараттар болған.

Өрт болған жерде полиция қызметкерлері де жұмыс істеді.

Новости партнеров