Қостанайда балабақша ішінде тәрбиешіні ер адам пышақтап тастады

newtimes.kz
newtimes.kz
Қылмыскер жылқышы болғандықтан пышақты әрдайым өзімен бірге алып жүрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда балабақшада мас адам әйелін пышақтап тастады. Қызғаныштан көзі тұнған ол сүйіктісіне пышақты 22 рет сілтеген, деп хабарлайды zakon.kz.

17 қыркүйек күні Қостанай қаласы маңында тұратын ер адам өзімен бірге тұрып жатқан әйелін қызғанып, оны сұрақ-жауапқа алу үшін жергілікті балабақшаға тартады.

"Отбасылық өзара жанжал кезінде қызғаныштан көзі тұнған ер адам әйелдің бетінен жұдырығымен бір қойып, артынан пышақ сілтеген. Пышақ басына, кеудесіне, қарнына, мойнына, иығына кем дегенде 22 рет сілтелген, кеудесінен де ауыр соққы алған", - деді прокурор Амангелді Рахметжанов.

Белгілі болғандай, қылмыскер-жылқышы пышақты әрдайым өзімен бірге алып жүреді, өйткені ол мал союға арналған жұмыс құралы болған. 32 жастағы әйел көптеген жарақат пен қабырғаларының сынғанына қарамастан аман қалды. Куәгерлер адуынды ер адамға тосқауыл бола алған. Қазір ер адамға "кісі өлтіруге оқталу" деген айып тағылды.

Әйел сотталушымен 11 жыл бірге өмір сүрген, ортақ бір баласы бар.

Қылмыс балалар ойын бөлмесінің аумағында болған, ол уақытта бүлдіршідер басқа қабатта ұйықтап жатқан.

Ол сүйікті әйелінің сөйлесуге шығуын өтінгенде шықпай қойғаны үшін қатты ренжіген, бірақ ол оны қатты ұрмадым дейді.


Новости партнеров