Газ тасымалдайтын көлік жарылды: Бір адам көз жұмды

Газ тасымалдайтын көлік жарылды: Бір адам көз жұмды
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында газ тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған ЖКО-нан полицейлер үш адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 18 шілде сағат 20:05 шамасында Алматы-Өскемен автожолының 548 шақырымында «ЗИЛ-130» маркалы автокөліктің қатысуымен орын алды. ЖКО салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, бір адам қайтыс болды. 

Солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан «ЗИЛ» маркалы автокөлігін басқарған 1982 жылғы ер адам рульді басқара алмай «Пежо-307» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Патрульдік экипажда екі полиция қызметкері – Максим Шевченко мен Руслан Меделханов болған. 

Инерция салдарынан газ тасымалдайтын көлік тағы екі көлікті соққан. Алдымен қарсы бағытта келе жатқан «Мазда-626» маркалы автокөлігі, ал кейін «Рено» маркалы жүк көлігіне соғылған. Осыдан кейін «ЗИЛ» жол жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бірнеше минуттан кейін газ тасымалдайтын көлік жарылып, толықтай жанып кеткен. 

Жол апатында 1972 жылғы «Мазда – 626» жүргізушісі ауыр дене жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. 

Жарылысқа бірнеше секунд қалғанда полиция қызметкерлері жарылыс пен оның зардаптарын алдын ала болжап, газ тасымалдайтын көлік жүргізушісін құтқаруға ұмтылған: олар санаулы секунд ішінде жүргізушіні қауіпті аймақтан сүйреп шығарып алған. 

Сонымен қатар, полицейлер жол-көлік оқиғасының қалған қатысушыларын құтқарып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. «Зил» автокөлігінің жүргізушісі Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ, осы ЖКО салдарынан патрульдер де зардап шеккен, олар көптеген кесілген дене жарақаттарын алған. Бірақ, тәртіп сақшылары бұған қарамастан, өз қызметтік міндеттерін атқаруды жалғастырған. 

Жедел жәрдем келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жол-көлік оқиғасы болған жерді қоршап, басқа көліктердің өтуін қамтамасыз еткен. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Новости партнеров