Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккендер саны 34 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал, Шымкент қаласы Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Абылай Бонбайдың айтуынша, жараланғандардың үшеуі ауыр халде жатыр. Қазіргі таңда жарақаттанған науқастардың бәріне қажетті емдом көрсетіліп жатыр екен.
Еске салайық, бүгін таңертең сағат 9:20 шамасында Арыс қаласында әскери қоймада сақталған снарядтар жарылған болатын. Куәгерлер төтенше жағдайды бейнекамераға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы таратуда.
Ал, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев болса оқиға орнынан қауіпсіз жерге шығарылған Арыс тұрғындары үшін 3 лагер құрылғанын айтты.