Қарағандыда теміржол өткелінде жүк көлігі мен тепловоз соқтығысты

 pixabay
pixabay
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қаңтарда сағат 17.22-лер шамасында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда КамАЗ көлігі тепловозды соқты. Оқиғаның бейнежазбасы жолдағы өзге көліктің видеотіркеуішіне түсіп қалған.

Облыстық Полиция департаментіндегілер жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Экспресс К сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнежазбадан тепловоздың өз жолымен келе жатқанын байқауға болады. Ал жүк көлігін тізгіндеген адам тоқтауға асықпайды. Көліктің тежегіші істен шыққан немесе жүргізуші жолды кесіп үлгеруге тырысқан болуы керек. Алайда оның бұл ойы сәтсіз аяқталды. Тепловоз оны сүйреп әкетеді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қаңтарда сағат 17.22-лер шамасында болған.

"КамАЗ тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші Бытовая көшесі бойымен Асфальтная көшесі бағытына келе жатқан. Алайда теміржол өткелінде ҚТЖ-ға тиесілі тепловозбен соқтығысқан. Оқиға кезінде тепловоз бен жүк көлігіне механикалық зақым келген. Ал көлік жүргізушісі аман, медициналық көмекке жүгінбеді", – деді Полиция департаментіндегілер.

Ведомствадағылар оқиға болған кезде көктайғақ болмағанын, тиісті жол белгілері қойылғанын және теміржол өткеліндегі дыбыстық құрылғы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалған. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Новости партнеров