Алматы облысында 12 жастағы бала тоққа түсіп қайтыс болды

07.06.2019 20:02

Қайғылы жағдай Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында тіркелген

Алматы облысында 2007 жылы туған бала тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылында тіркелген.

«Баланы салбырап тұрған трансформатор сымынан шыққан тоқ соққан. Бала сол жерде тіл тартпай кеткен. Аталған материал полиция бөліміне тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.

Айта кетейік, кеше ғана Алматы облысының Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында бір отбасының 2 баласы тоққа түсіп көз жұмған болатын.