|
Oqıǵalar
23.10.2020 | 16:14

Әуежайдан қашып кеткен жолаушылардың бірі – мемлекеттік қызметші

Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді

Әуежайдан қашып кеткен жолаушылардың бірі – мемлекеттік қызметші  inform.kz

Мысырдан ПТР анықтамасыз ұшып келген және Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кеткен екі тұрын 30 АЕК айыппұл төлейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтып берді. 

«COVID-19-ға ПТР анықтамасы жоқ, Нұр-Сұлтан әуежайынан қашқан екі астаналық ұсталды және ПТР тест өткізу үшін карантиндік стационарға жеткізілді. Оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Аталған тұлғалар – Шарм-эль-Шейхтен келген жұбайлар болып табылады, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметшісі», – деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында. 

Бұған дейін 329 қазақстандық елге ПТР анықтамасыз ұшып келгені және екі астаналықтың әуежайдан қашып кеткені хабарланған еді.

Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!