Ақмола облысында суға кеткен журналистің денесі іздестіріліп жатыр
Almaty.tv.
Қайғылы оқиға 19 шілдеде Арнасай ауылындағы Вячеслав су қоймасы аумағында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысында суға кеткен журналистің денесі 3 күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол жеке демалыс орындарының біріндегі тоғанға батып кеткен. Қайғылы оқиға 19 шілдеде Арнасай ауылындағы Вячеслав су қоймасы аумағында болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің ақпарынша, қазір оқиға орнында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Аршалы аудандық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 95 жылы туған қыз суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған күні ол құрбыларымен демалыс аймақтарының бірінде болған. Демалыс орнының құтқарушысы келгенімен құтқару мүмкін болмады», – деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10