Оралда тұрғын үйдің шатыры құлады (видео)

Оқыс оқиға кезінде үйде 12 адам болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда тұрғын үйдің шатыры құлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД кезекші бөліміне таңғы сағат 06.30-да Мұхит көшесіндегі 124/2 үйдің төбесі құлағаны жөнінде хабар келіп түскен.

Бұл мезгілде үйде 12 адам болған. Құтқарушылар олардың бәрін жедел эвакуациялады. Ешкім зардап шекпеген.

Аталмыш 12 бөлмелі үй барак түрінде 1978 жылы салынған. Бастапқы мәлімет бойынша шатыр үздіксіз жауған қардың салмағын көтере алмай, опырылған. Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың сөзіне қарағанда, аталмыш үй тұрғындары уақытша басқа пәтерлерге орналастырылатын болады. Оларға барлық көмек көрсетілуде. Арнайы комиссия құрылып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде мердігер ұйым анықталғаннан кейін апатты баспана орнында жаңа үй салынады.


Новости партнеров