|
26.09.2022 | 15:03
7959

Ресейде мектептегі атыстан бірнеше адам көз жұмды

Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй өз-өзіне қол жұмсаған

Ресейде мектептегі атыстан бірнеше адам көз жұмды yakutsk.ru

Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте атыс болып, 13 адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, қаскөй өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгін полицияға Ижевск қаласының №88 мектебінде атыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды», - деді Ұдмұрт Республикасы бойынша Ресей ІІМ баспасөз қызметі.


Оқу орнының күзетшісі көз жұмды, студенттер арасында да құрбан болғандар мен жарақат алғандар бар.


Алдын ала мәлімет бойынша, шабуыл жасаушы адам өз-өзіне қол жұмсаған. Оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды.


Ұдмұрт басшысы Александр Бречалов оқиға орнына келді.


Мектеп Ижевск қаласының орталығында қала әкімшілігі ғимаратының жанында орналасқан. Қазір онда 982 оқушы оқиды, 80 мұғалім жұмыс істейді.


Еске сала кетейік, 2021 жылдың мамыр айында Қазандағы мектепте болған атыс салдарынан 8 адам қаза тауып, 21 адам зардап шеккен болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир