Бұл туралы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков айтты
Ұшақ апатынан ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер ауруханадан шығарылды. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Сағи Бейсенбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
13 наурызда екеуінің де денесін түрлі дәрежеде күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға келіп түскен. Олар хирургия бөлімшесінде 95 күн бойы ем алған. Қазір екі азаматтың да денсаулығы қалыпты жағдайда. Алдағы ем шарасын үйінде жалғастырады дейді мамандар. 13 наурызда Алматы маңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ан-26 ұшағы апатқа ұшырағанын еске сала кетейік.
Салдарынан түрлі әскери дәрежедегі 4 адам көз жұмған болатын.