Өскеменде екі теплоход жанып кетті
Департамент по чрезвычайным ситуациям Восточно-Казахстанской области
Төтенше жағдай су электр станциясының маңайында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадер жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиға орнына 60 өрт сөндіруші мен 11 техника барды.
"Өрт сөндірушілер жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадердің жанып жатқанын көріп, бірден өртті өшіруге кірісті. Тілсіз жау 50-60 шаршы метрге шарпыды. Екі теплоходты дәмхана ретінде пайдаланған", - дейді құтқарушылар.
Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Шұғыл штабтың мамандары тексерісті бастады.
Әзірше, қайтыс болған және зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36