9 минут ішінде 12 заң бұзушылық жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Фото: Дром
Фото: Дром
Заң бұзған азамат 19 жаста
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында қарсы жолақта келе жатқан жол талғамайтын көлік жүргізушісін, іздестіру жөніндегі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартты, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

«Е.азамат, ол 19 жаста. Оның 30 тамызда таңертең жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Абай даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Сейфуллин мен Мұқанов арасындағы аралықта, ол, екі рет қарсы жолаққа шығып кетті. Белгісіз қаламын деген үмітпен жас жігіт мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін көлік құралынан алып тастады. Біздің бөлімнің қызметкерлері қаладағы бейнебақылау жүйелерін қолданып, қаскүнемдікті анықтады. Е.азаматтың барлық бағыты ізделінді. Тоғыз минут ішінде қозғалыс кезінде ол жол ережесін 12 рет бұзды», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерік Насырбеков.



Новости партнеров