Алматыда газ құбыры жарылып, бір адам қаза тапты
Оқыс оқиға бүгін түнде Бостандық ауданында орын алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда газ құбыры жарылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға бүгін түнде Бостандық ауданы Экспериментальная база көшесінде орын алған. Peugeot 301 автокөлігі жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келіп, көшедегі газ құбырына соқтығысады. Салдарынан құбыр тесіліп, жарылыс болған. Газ беру тоқтатылғаннан кейін ғана өртті сөндіру мүмкін болды.
Өкінішке қарай, темір тұлпар жүргізушісінің денесін қатты күйік шалып, ол оқиға орнында тіл тартпастан жан тапсырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58