Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 700-ге жуық адам құтқарылды
Almaty.tv
Адам шығыны жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында тосын ауа-райының салдарынан боранда қалған 700-ге жуық адам құтқарылды. Төтеншеліктердің айтуынша, «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолында жеңіл және жүк көлігі 530-ға жуық жолаушы, ал қар құрсауында 189 адам қалып қойған. Осыған орай жедел құтқару жұмысы жүргізіліп, 3 жылыту пункті ашылған. Қолайсыз ауа-райы туралы облыс тұрғындарының ұялы телефонына ескерту жіберілген.
«Қар құрсауында қалғандар құтқарылды, оның ішінде 14 бала бар. Кептелісте тұрған 25 көлік жолдың шетіне шығарылды. Бұдан бөлек 25 адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Адам шығыны жоқ», – деді Жамбыл облысы ТЖД басқарма басшысы Руслан Шәриев.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06