«Денелерін бөлшектеп тастаған»: 19 әйелді айуандықпен өлтірген азаматқа сот үкімі шықты

30.05.2019 20:08

Бұл қылмыстарын ол 1998-2005 жылдары Новосибирск қалалық Ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасаған

Ресей Жоғарғы соты 19 әйелді өлтірген бұрынғы милиционер Евгений Чуплинскийдің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай, оны өмір бойына түрмеге қамайтын сот үкімін күшінде қалдырды, деп хабарлайды Азаттық.

Сотталған азаматтың шағымы бойынша істі алқабилер соты қараған. 12 алқаби Чуплинскийді түгел кінәлі деп тауып, оның рақымшылыққа лайық емесін айтты.

Бұрынғы милиционерге кесілген үкім күшіне енді.

Былтыр тергеу Чуплинскийдің 19 әйелді айуандықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын анықтаған. Ол бұл қылмыстарды 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск қалалық Ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасаған. Тергеу мәліметі бойынша, ол алдымен жезөкшелерді зорлап, одан соң өлтіріп отырған.

Қолға түскен уақытта ол жасаған қылмыстарын мойындап, тергеумен келісімге отырған. Қылмыс болған орындарға барып, әйелдерді қалай өлтіргенін Чуплинский психиатриялық сараптамадан өткен. Дәрігерлер оның дені сау екенін анықтаған.

Бірақ 2017 жылы сәуірде ол өзінің кінәлі еместігін айтып, берген мәлімдемелерінен бас тартқан. Сотталушының іс-әрекетінен намыстанған әйелі мен балалары тұрып жатқан қалаларыан көшіп кетуге мәжбүр болыпты.