Экс-шекарашы Владислав Челах пен террорист Руслан Күлекбаев отырған колония
Экс-шекарашы Владислав Челах пен террорист Руслан Күлекбаев отырған «Қара бүркіт» колониясының басшысы ұсталды. Бұл туралы Қостанай облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомтсвоның баспасөз қызметінің ақпарынша, ол колониядағы сотталушыға қамқорлық жасағаны үшін пара алғаннан кейін ұсталған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің «Пара алу» бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Қостанайдың уақытша ұстау изоляторына қамалған.