Жамбыл облысындағы оқ-дәрі базасының аумағында тарс еткен дыбыс естілді

29.08.2021 20:10

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында адам болмаған

кадр из видео

Жамбыл облысындағы жарылыс болған оқ-дәрі қоймасының орнында тарс еткен дыбыс естілді, деп хабарлайды Almaty.tv Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«26 тамыз күні өрттенген инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні 12:20 шамасында тарс еткен жалын орын алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында ешкім болмаған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр», – делінген ресми түсініктемеде.