35 жастағы Skoda автокөлігінің тізгіншісі дөңгелегінің атылып кетуіне байланысты рөлге ие бола алмай қалған
Ақмола облысында Welcome to Burabai жазуы қирап қалды. Оқыс оқиға 13 маусым күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желілерде тарап кеткен видеода жүргізушінің арнайы жазуы бар тақтайшаға соқтығысқанын байқауға болады. Полицияның мәліметінше, 35 жастағы Skoda автокөлігінің тізгіншісі дөңгелегінің атылып кетуіне байланысты рөлге ие бола алмай қалған. Ең бастысы зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.