Ақтөбеде бір күнде 14 жол-көлік апаты болып, бес адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбеде ауа райының қолайсыздығына байланысты бір тәулікте 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Барлығы бес жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.
«Ваз 211440» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі 312-атқыштар дивизиясы даңғылымен жүріп, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 62 жастағы адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Полиция департаменті жолдарда өте мұқият болуды, ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолдағы жағдайларды бақылауға шақырады», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, өңірде қар жауып, республикалық маңызы бар жолдарда құм мен тұз себу жұмыстары жүргізіліп жатыр.