Атырау облысында су беру кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Құбырдағы ақауды жою жұмысы жалғасып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

9 желтоқсан күні сағат 23:30-да (жергілікті уақыт бойынша) "Атырау облысы су арнасы" КМК Жайық өзенінде қабыршақ мұз пайда болып, өзеннің қозғалыс жылдамдығы төмендеуіне байланысты қалалық тазарту қондырғысына су беруді тоқтатты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да төтенше жағдайды болдырмау үшін төмен қысымда қала желілеріне су берілді.

"Атырау-Мақат" магистральдық құбыры бағытында, оның ішінде "Береке" ықшамауданында (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді.

"Атырау облысы су арнасы" мекемесіне қарасты су тазарту қондырғысының сорғы стансаларында мұз кептелісін жою және құбырларды тазалау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылды. Алайда төтенше жағдай ережесіне сәйкес, түнгі уақытта тазалау және басқа да жұмыстар жүргізілмейді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері таңғы сағат 8:00-де тазалау жұмыстарын бастады.

Су құбырындағы ақауларды жою жұмысы жалғасып жатыр. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен осы деректің мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.

Оқи отырыңыз: Ақтау аудандары жылусыз қалды: қала әкім тұрғындардан кешірім сұрады

Новости партнеров