Жол апаты: Алматыда автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты

elements.envato.com
elements.envato.com

Өткен жылы 2 автобус соғысып, салдарынан жолаушылар көліктен ұшып кеткен еді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ірі жол апатын жасаған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты. Бағдаршамның қызыл түсіне қарамай өтіп кеткен тізгінші 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сотталушы Алмалы ауданының сотынан өзін ақтауды сұрапты. Алайда сот оны абайсызда адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі деп тауып 5 жыл жүргізуші куәлігінен де айырды. Соттың шешімімен сотталушыдан барлық жәбірленушінің пайдасына 2 миллион теңгеден өтейтін болды.

– Видео жазбалардағы сотталушы Әбсадықовтың рұқсат етілмеген сары түске тоқтау мүмкіндігі бола тұра бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қиылысқа қойылған шектеуге кіріп кетуі негізге алынды. Жол ережесі кодексінің 13-бабы да ескеріліді, – деді Алмалы аудандық сотының судьясы Қайрат Иманқұлов.

Айта кетейін, өткен жылы қарашада Төле би мен Абылай хан даңғылында екі автобус соғысып, салдарынан жолаушылар көліктен ұшып кеткен еді. Бір адам оқиға орнында тіл тартпай кетсе, екі адам ауыр жарақат алған еді.  

 

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты

 

Новости партнеров