Қостанайдағы өрт аймағы 43 мың гектардан асты

Almaty.tv
Almaty.tv
Бағаналы ауылы маңындағы орманда кеше сағат 20:00-де өрт тұтанған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында Бағаналы және Қазанбасы ауылдарында өрт әлі де сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қызыл жалын кеше түнде Бағаналыда лапылдаған еді. Төтеншеліктер аумағы шамамен 10 гектар болатын жердің отын өшіріпті. Қазір бірнеше жері түтіндеп жатыр. Төтенше Жағдайлар министрі Юрии Ильин өңірдегі ахуал бірқалыпты дейді. Бірақ қауіп әлі сейілмегенін айтады.

Бағаналы ауылы маңындағы орманда кеше сағат 20:00-де өрт тұтанған. Орманның үш тұсынан қызыл жалын тұтанған. Төтеншеліктер таңға дейін өртті сөндіргенімен әлі бықсып жатыр. Оттың қызуы әлі кетпеген. Орманның жанындағы үйлерге от тимеген.

«Өрт сөндіру кезінде орман шекарасына мамандар қаз қатар тізілді. Ең маңызды 3 жерге бөлініп, жалындаған өртті тоқтаттық. Тілсіз жауды сөндіруге ауа-райы да көмектесті. Кеше түнде 10 минут қана жауған жаңбырдың өзі септігін молынан тигізді. Адамдар дін аман. Тек өзімнің киімім мен аяқ киіміме зақым келді», – деді Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық қызметінің бастығы Андрей Ракович.

Бүгін таң атысымен Төтенше Жағдайлар министрі Юрий Ильин өңірді тікұшақпен айналып көріп шықты. Әуеден бақылап келгеннен кейін тілшілерге сұхбат берді. Министрдің айтуынша, қызыл жалын 43 мың гектар жерді жалмаған. Қазір екі ауылда, Бағаналы және Қазанбасы ауылдарында өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Новости партнеров